Көкпардағы дау неден шықты? Көкпаршы жауап берді

13 Қыркүйек 2024, 16:41
28316
Бөлісу:
Көкпардағы дау неден шықты? Көкпаршы жауап берді
VIDEO
Фото: автордан

Бұл сұраққа БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында ұлттық құрама мүшесі Абылайхан Нышанбеков, жауап берді деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Көшпенділер ойыны жайлы пікірін айтып, жанкүйерлерге алғысын білдірді. 

Көшпенділер ойыны өз мәресіне жетті. Баршаңызға алғысым шексіз. Ойынның барысын өздеріңіз көрдіңіздер. Өте тартысты өтті. Қызық болды. Барлық командалар тыңғылықты дайындалып келген. Жанкүйерлерге, ұлттық құрамадағы бапкерлерге рахмет,-деді Абылайхан Нышанбеков.

Сондай-ақ, ол көкпар ойынындағы даудың неден туындағанын айтып берді. 

Көкпар ойынының бірінші кезеңінде оныншы нөмірдегі біздің қорғаушымыз Ұлан Бәйтөреев ағамызға қырғыз ойыншысы балағат сөз айтқан. Намысқа тиіп, балағат сөзді көтере алмаған соң қамшы жұмсағаны рас. Ойын барысында қарғыс та, тартыс та болып тұрады. Қызу қанды халықпыз ғой. Ойын барысында болған нәрсе сол жерде қалады деп ойлаймын. Оны Қырғызстан Республикасындағы бауырларымыз әлеуметтік желіге салып, талқылап жатыр екен. Біздің балуандарымыз өздігінен тиіскен жоқ. Ұрған жоқ. Намысқа тигендіктен қамшы жұмсады, - деді Абылайхан Нышанбеков. 

Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасының оныншы нөмірлі ойыншысы Қырғызстан құрамасының нөмірі екінші ойыншысын қамшымен салып қалған видеосы желіде қызу талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы