Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 млн теңгесінен айырылды

26 Қараша 2021, 16:40
1617
Бөлісу:
Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 млн теңгесінен айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полициясына Екібастұз қаласының 31 жастағы тұрғыны жүгінді, ол алаяқтардың кезекті құрбаны болды.

Танымал сайттардың бірінде ер адам картоптың ірі партиясын сатамын деген хабарландыруды көрген. Оған көлемі мен бағасы ұнағандықтан, ол көкөністерді қолайлы бағамен сатып алғысы келіп, сатушымен байланысқа шыққан. “Сатушының” өзі қарым-қатынасқа ынталы болды, тұрғынға алдын ала төлем ретінде және жеткізгені үшін 4 млн теңге аударуға көндірді. Ер адам осы шарттарға келісіп, оның картасына ақшаны аударып, күтті, бірақ белгіленген күні картоп жеткізілмеді, ал “сатушы” байланысын үзді. Оқиға фактісі бойынша полицияда ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Бүгінгі таңда алаяқтың қармағына тағы үш адам түскені белгілі болды.



Өзгелердің жаңалығы