Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәбіз, пияз, орамжапырақ экспортына арналған фитосанитариялық сертификаттар штатты режимде берілуде, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.⠀
Бүгінгі күні фермерлер мен экспорттаушыларға 5 мың тонна пияз экспортына 220 сертификат, 240 тонна сәбіз экспортына 14 сертификат, 7,2 тонна орамжапырақ экспортына 310 фитосанитарлық сертификат берілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктердің мемлекеттік карантиндік инспекторлары күшейтілген жұмыс режиміне өтті. Тексеру процедуралары заңнамада белгіленген тәртіппен жүруде, фитосанитариялық жағдайды қарағаннан кейін барлық өтініш иелеріне сертификаттар беріледі. Фитосанитариялық сертификаттарды беру 5 жұмыс күнін, карантиндік сертификаттарды беру - 3 жұмыс күнін алады.⠀
Пиязды, орамжапырақты, сәбізді және көкөністер мен жемістердің басқа түрлерін (азық-түлік, картопты қоспағанда) экспорттағысы келетіндер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және аудандық аумақтық бөлімшелерінен фитосанитариялық сертификаттар ала алады.