Көк байрағымызды әлемнің негізгі аймақтарында орнату қажет – Президент

18 Қараша 2021, 15:19
681
Бөлісу:
Көк байрағымызды әлемнің негізгі аймақтарында орнату қажет – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру үшін жұмысты жандандыру керек. Ауғанстандағы күрделі гуманитарлық дағдарысты еңсеруге өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл біздің сыртқы саясатымыздың жасампаздық сыйпатының айқын көрінісі. Мен былтыр 2020-2030 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасын бекіттім. Бұл құжат арқылы халықаралық стратегиямыздың қағидаттары және бағыт-бағдары өзгермейтіні нақтыладық, - деді ол.

Тоқаев атағандай, Қазақстан үшін Ресей, Қытай, АҚШ және Орталық Азия, Еуропа одағы елдерімен стратегиялық қарым-қатынасты сақтау ерекше маңызды екеніне көз жетті.

Біз Азия және Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка елдерімен байланысты кеңейте береміз. Жалпы сыртқы саясаттың ауқымы кең болуы керек. Көк байрағымызды әлемнің негізгі аймақтарында орнату қажет. Бұл еліміздің стратегиялық мүддесіне толық сай келеді. Елімізің Еуразияның геосаяси және геоэкономикалық жүйесіндегі мәртебесін одан әрі нығайтуға мүдделіміз, - деді Мемлекект басшысы.

Өзгелердің жаңалығы