Қоғамдық кеңестерді қамтамасыз ету үшін қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

6 Қаңтар 2021, 13:19
1696
Бөлісу:
Қоғамдық кеңестерді қамтамасыз ету үшін қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қазақстандағы қоғамдық кеңестер қызметін дамытудағы жаңа тәсілдер туралы өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Осыған дейін қоғамдық кеңестердің қызметіне ешқандай қаржы бөлінбейтін. Жаңа өзгертулерге қатысты бұл мәселелерді қоғамдық кеңестердің өзі де бірнеше мәрте көтерді. Осы орайда өзгертулерге сәйкес, минималды қаржы шығыны қарастырылған. Ол республикалық бюджеттік комиссияның шешіміне сәйкес, қоғамдық кеңестің техникалық хатшы қызметіне, тартылған сарапшылар қызметіне жұмсалады. Оған қоса, көлік шығыны мен кеңселік заттардың шығыны өтеледі. Бұл мақсатқа осы жылы орталық және мемлекеттік деңгейдегі органдар үшін 65 млн теңге қарастырылады, - деді ол. 

Тлепов атап өткендей, бір қоғамдық кеңестің бір жылдық шығыны 1 млн 300 мың теңгені құрайды. 

Яғни, 65 млн теңге бұл 3 жылға есептелген. Жергілікті жерде 2 млрд-тан астам теңге бөлінеді. Бұл тек облыстық қана емес, аудандық деңгейдегі кеңестер үшін, - деді Тлепов.

Айта кетейік, 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Өзгелердің жаңалығы