Қоғамдық кеңес мүшелері құқық қорғау органдары есебін тыңдауға құқылы – вице-министр

6 Қаңтар 2021, 13:14
2093
Бөлісу:
Қоғамдық кеңес мүшелері құқық қорғау органдары есебін тыңдауға құқылы – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қазақстандағы қоғамдық кеңестер қызметін дамытудағы жаңа тәсілдер туралы өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Заң жобасы қоғамдық кеңестердің құзыретін кеңейтуге бағытталған. Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік сатып алу комиссиялдарына қатысу құқығы беріліп отыр. Жергілікті жерлерде құқық қорғау органдары басшыларының есебін тыңдауға құқығына ие. Жалпы, қоғамдық кеңестер жұмыс істеген уақытында 19 мыңнан астам сұрақ қаралған. Қоғамдық кеңестерге келетін сұрақ өте көп. Сондықтан өзекті мен маңыздылығына қарай мәселерлерді қарау бойынша дербес құқығы беріліп отыр, - деді Тлепов. 

Ол атағандай, бұл тек азаматтардың өтініші ғана емес, мемлекеттік органдардың жобаларына қатысты қабылданып жатқан нормативтік-құқықтық актілеріне де қатысты. 

Айта кетейік, 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Өзгелердің жаңалығы