Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәжілісі барысында TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев хабарлады.
Оның айтуынша, қоғамдық кеңестер – халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру шеңберіндегі басты институттардың бірі болып табылады.
Оның мақсаты – барлық деңгейдегі шешімді қабылдауда азаматтық қоғамның түсінігі мен қызығушылығын есепке алу. Мен жүргізген сараптамалық бағалауға сәйкес, шын мәнінде теңдессіз институт. Себебі түрлі деңгейдегі қамту ауқымына ие. Атап айтқанда, орталық атқарушы орган, облыстық және аудандық деңгейдегі әкімдіктер, - деп атап өтті Рахым Ошақбаев.Сондай-ақ сарапшы ұлттық компаниялардың жанында да қоғамдық кеңестер құрылып жатқанын алға тартты.
Ауқымы айтарлықтай кең, мұндай деңгейді бұрын-соңды көрмегенмін. Бюджетті талдау жоспарлау және атқару, сондай-ақ есептілік сатысында тұр. Қоғамдық кеңеске мүше адамдар атқарушы органдардың басшылығы алдында өздерінің құзыреті шеңберінде кез келген мәселені көтере алады. Осы органдардың басшылары заң бойынша оны назарға алу және қарастыруға міндетті, - деді орталық директоры.Еске сала кетейік, бұған дейін қоғамдық кеңес қандай мәселелерді көтергені туралы жазған болатынбыз.