«Қоғамдық келісім» ММ директорының орынбасары тағайындалды

8 Желтоқсан 2020, 09:49
1254
Бөлісу:
«Қоғамдық келісім» ММ директорының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлінің бұйрығымен Константин Харламов «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

К.И. Харламов ҚХА қызметі мен этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын болады. 

Ол 1984 жылғы 22 наурызда дүниеге келді.

2005 жылы Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді журналистика мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратура бітірді. 

Мемлекеттік (қазақ), орыс, ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгерген. 

Еңбек жолын 2003 жылы «КТК телеарнасы» АҚ, «Караван» газетінде, «Біздің Спорт» интернет-сайтында тележүргізуші, тілші болып бастаған.

2006 жылдан 2008 жылға дейін «Астана телеарнасы» ЖШС-де тележүргізуші, шығарушы редактор болып жұмыс істеді. Әр жылдары ол ҚР Жоғарғы Соты БАҚ және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас консультанты, БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымын Дамыту Бағдарламасы) PR-маманы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз хатшысы, ВТБ Банк АҚ ЕҰ (Қазақстан) баспасөз хатшысы, Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) атқарушы директоры қызметтерін атқарды. 

2015 жылдан 2016 жылға дейін Константин Харламов Қазақстан футбол федерациясы ақпараттық саясат департаментінің директоры болып еңбек етті. 2017 жылғы сәуірден бастап қазіргі тағайындауға дейін ол Atameken Business телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Бизнес и Закон» және «Наше Дело» апталық аналитикалық бағдарламалар авторы мен жүргізушісі болып жұмыс істеді. 
 


Өзгелердің жаңалығы