Көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

4 Қараша 2020, 14:44
1389
Бөлісу:
Көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстан біріншілігі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі анықталды деп жазды Olympic.kz.

Ерлер арасында Алматы облысы топ жарса, екінші орынды Қызылорда облысынан келген «Қайсар» командасы иеленді. Үшінші орында Жамбыл облысы орналасқан. Әйелдер арасында да Алматы облысының спортшыларына тең келер ешкім болған жоқ. Күміс және қола жүлдені Қызылорда мен Жамбыл облыстары өзара бөліскен.  

Айта кетелік, ел чемпионаты 25 қазанда басталып, 3 қарашада мәресіне жетті.   


Өзгелердің жаңалығы