Көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде Қазақстан төртінші жеңісіне жетті

12 Маусым 2022, 18:15
1295
Бөлісу:
Көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде Қазақстан төртінші жеңісіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу сатысында төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Шри-Ланка құрамасымен кездесті. Ойын барысында ел құрамасы басымдық танытты. Нәтижесінде қарсыласын 5:1 есебімен сүріндірді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Индонезияны 1:0, Өзбекстанды 2:0, Камбоджаны 4:0 есебімен жеңіп, одан кейін Гонконгқа 0:4 есебімен жол берді. Ел құрамасы іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Индонезия, Гонконг, Шри-Ланка, Камбоджа және Сингапурмен бір топта сынға түседі. 

Еліміздің әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалдық сатысына төрт мәрте қатысты. 1998, 2014 жылдарда 6-орын алса, 2010 жылы - 7, 2018 жылы 10-орынды місе тұтты.

Өзгелердің жаңалығы