Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е. Қиясов кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы қаулы қабылдады.
Қазақстан халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін, - делінген құжатта.
1. Мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру жалғастырылсын:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);
5) боулинг клубтары.
2. Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етілсін:
- бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап:
1) кинотеатрлар;
2) театрлар және филармониялар;
3) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
4) ерікті қатысушылар;
- екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:
1) облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
2) бильярд клубтары;
3) концерт залдары;
- үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:
1) караоке;
2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).
3. 2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталсын және Қазақстанның барлық өңірінде жоба таратылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмдері; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі бекітілсін.
5. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді;
2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес пилотты іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды;
3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалаларында ресепшні бар пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы ақпараттандыруды;
4) әкімдіктердің сайтында ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты орналастыруды;
5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижесі бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай ақпараттық порталына (ҰСО БАП) беруін;
6) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
6. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 БМСДҚ-ға 4-қосымшамен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының форматын сақтай отырып, карантиндік шараларды қатаңдату енгізілген жағдайда қаулылармен әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеудің өңірлік өлшемшарттарын бекітуді;
2) «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттарын қолдануды:
- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады (сары аймақ);
- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде (сары аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі төмен әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары (жасыл аймақ) көрсетіледі;
3) қызметтің тыйым салынған түрлеріне және рұқсат беру құжаттары (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама) жоқ объектілердің қатысуына жол бермеу мақсатында осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өңірлік кәсіпкерлік палаталарында қарау сатысында «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін келісуді;
4) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін.
7. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалаларында пилотқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілер осы қаулыға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
9. Облыстардың, Шымкент қаласының әкімдері құзыретіне сай осы қаулының 5-тармағының 1) – 7) тармақшаларына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу шараларын қабылдасын және қамтамасыз етсін.
10. Облыстардың, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері осы қаулының 6-тармағының 1) – 4) тармақшаларына сәйкес шаралар қабылдасын.
11. «Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 7 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Оның толық нұсқасымен танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.