Кітапханашылардың жалақысын көтеру керек

12 Қазан 2022, 14:23
1419
Бөлісу:
Кітапханашылардың жалақысын көтеру керек
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Ғазиза Құдайберген  Желмая жобасында сұқбат барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Кітапхана - барлық шығармашылықтың тоғысатын жері. Сондықтан, қазіргі қоғамға кітапхана керек. Бүгінде ол әлеуметтік институтқа айналып отыр. Қазақстан бойынша қазір 11 мыңға жуық  кітапхана бар. Онда  мыңдаған кітапханашылар жұмыс жасайды. Әр кітапханада түрлі үйірмелер, ақын-жазушы қаламгерлермен жеке дара жұмыстар жүргізіледі.Бұл жерде кітапханашылардың еңбегі орасаң. 

 Өкініштісі, қазір жас мамандар кітапханашы болуды ойламайды. Кітапханашы деген мамандыққа сұраныс өте аз. Оған айлықтың аздығы негізгі себеп. Қазір кітапханашының орташа жалақысы – 80-90 мың теңгені ғана құрайды. Сондықтан кітапханашылардың ортақ статусын көтеріп, әлеуметтік жағдайын дұрыстау үшін жалақысын көтеру керек»,- дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы