Кітапханаларда қазақ тілінде ғылыми фантастикалық әдебиеттер артады - министр

1 Қараша 2022, 10:52
1406
Бөлісу:
Кітапханаларда қазақ тілінде ғылыми фантастикалық әдебиеттер артады - министр

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі білім саласындағы үйірмелердің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аймағамбетовтың дерегінше, бүгінгі таңда үйірмемен қамту 70 пайызға жеткен.

Үйірмелермен балаларды қамту білім беру саласы үшін маңызды. Оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, музыка және өнер мектептері, балалар технопарктері ашылады. Білім беру ұйымдарында пікірталас қозғалысы, мектеп және студенттік өзін-өзі басқару белсенді дамып келеді. Дебат қозғалысын және мектептердің парламенттерін барлық мектептерде  дамытамыз, - деді ол.

Министр шахмат үйрететін білім беру ұйымдарын да қолдайтынын атап өтті.

Ол қазір факультатив ретінде 28 мыңға жуық балаға арналған 600 астам мектепте енгізілді. Ал мектептердегі шахмат секцияларда 200 мыңнан астам бала қамтылды. Федерациямен осы бағытта жұмыс жалғастырамыз, - деді министр.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, балаларды кітап оқуға баулу жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылмақ.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылады. Соңғы екі жылда мектеп кітапханаларына 3,6 млн дана балалар көркем әдебиеті сатып алынды, оның 71 пайызы мемлекеттік тілде. Бұл керемет жоба. Одан әрі көркем әдебиет қоры жаңартылады, әсіресе қазақ тіліндегі ғылыми-фантастикалық әдебиетпен, танымдық әдебиетпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасады, - деді Асхат Аймағамбетов.  

Өзгелердің жаңалығы