Кітап оқымайды, майда-шүйдеге ұмтылады. Гүлмира Дайрабаева журналистер жайлы айтты

17 Қараша 2023, 19:16
762
Бөлісу:
Кітап оқымайды, майда-шүйдеге ұмтылады. Гүлмира Дайрабаева журналистер жайлы айтты
Фото: Гүлмира Дайрабаеваның әлеуметтік желісінен алынды

Танымал тележүргізуші, медиаменеджер Гүлмира Дайрабаева қазіргі журналистері тұлғалық дамуға ұмтылмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің ойымша, әрбір журналист өзінің тұлғалық қасиетін дамытуы керек. Бізде тұлға болуды емес, бірінші өзінің атын шығару үшін сұхбат алып жатқан, қонағын төмендетіп, намысына тиіп, баспалдақтан соңынан қуып сол адам арқылы атын шығарғысы келеді. Адам алдымен өзінің жасаған жұмысы мен жетістіктерімен көрінуі керек секілді. Сол кезде сұхбатты кімнен алсаңыз да спикері ашық әрі сенімді болады, – деді Дайрабаева.

Оның сөзінше, елімізде майда-шүйде тақырыпта жазып жүргендер көп.

Қазіргі журналистер кітап оқымайды. Сәбит Мұқанов десең де, Ұлпан кім десең.. жалпы классканы білмейді. Сол себепті журналист кітап оқуды тоқтатпауы керек. Әр журналист күніне кемінде 20-25 миунт кітапқа арнауы керек деп ойлаймын, – деді ол Bolashak and creative industry іс-шарасындағы талқылауда.

Өзгелердің жаңалығы