Заман талабына сай кітапхана қызметі де түрленіп келеді. Саланың тыныс-тіршілігі мен өзекті мәселелері жайлы Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің директоры Серік Жетпісқалиев айтып берді, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
Қоғамда оқу мәдениеті скептиктердің болжамына қайшы келеді. Бұдан бірнеше жыл бұрын интернет пен электронды кітаптардың кең таралуымен кәдімгі кітаптардың қажеттілігі жойылады, нәтижесінде кітапханалар да қажет болмайды деген болжамдар айтылғаны белгілі...
–Скептиктер бір нәрсені ескермеді: уақыт өте келе кітапхана саласы да дамып келеді. Біз интернетпен соғыспаймыз. Бірақ білім көзі болып табылатын қоғамдық мәдени орталық бола отырып, ақпарат алмасудың инновациялық әдістерін қолданамыз. Қаланың ақпараттық-кітапханалық жүйесі 12 кітапхананы қамтиды. Көкшетау кітапханаларында 204 мың данадан астам кітап қоры бар. Оның 97 мыңнан астамы мемлекеттік тілде сақталған.
Біз мәдениеттің қамқоршысы болып қала береміз: тарихи күндерге, танымал адамдардың мерейтойларына арналған іс-шаралар өткіземіз, отбасылық құндылықтар мен патриотизмді насихаттаймыз, оқырмандармен әр кездесуді, жаңа кітаптың әр тұсаукесерін немесе мерекесін жоспарлай отырып, бәрін мүмкіндігінше пайдалы етуге тырысамын.
Әрбір іс-шара бірінші кезекте кітап оқуды насихаттай ма?
– Бұл мүлдем дұрыс емес. Кітапхана жұмысы сан қырлы. 2022 жылы ақпараттық-кітапхана жүйесінің қызметкерлері әртүрлі форматтағы 900-ден астам іс-шара өткізді – қызықты адамдармен кездесулер, көрмелер, мерекелер, еске алу кештері, челлендждер, акциялар, ҰБТ презентациялары олардың жартысынан көбі балалар әдебиетіне арналған.
Кітапханадағы жұмыс ғылыми-іздестіру қызметін жоймайды. Айталық, Көкшетау облысы Қызылту ауданының тумасы Зейнел Ғабиден Абай өлеңдерін насихаттауды бірінші болып бастағанын көп адам біле бермейді. Бұл сенсация! Бірақ осы уақытқа дейін бұл факт жеткілікті зерттелмеген. Ал жерлестеріміх Бақыт Смағұл мен Сәрсенбай Хасенов ол туралы деректі фильм түсірді. Бұл бағытта жұмыс істеу керек және мұндай бастамаларды қолдау қажет.
«Алтын арқа» әдеби клубының жұмысы үлкен маңызға ие. Поэзия кештерін, жергілікті жазушылармен және ғалымдармен кездесулер өткіземіз. Жас таланттар өз шығармашылығының қолдауын сезінуі керек, ал біз оларға оқырман табуға көмектесеміз, бұл да маңызды.
Кітапхана қызметкерлері республикалық және халықаралық конкурстар мен семинарларға белсенді қатысады. Еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында «Рухани қазына» республикалық фестивалінде мәдениет және өнер ұйымдарының қызметкерлері тәжірибе алмасты. Көкшетауды Красный яр қалалық модельдік кітапханасының меңгерушісі Гүлжанар Бодаубай, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың меңгерушісі Жадыра Сағандықова, кітапханашылар Ирина Милютина және Нұрлан Қыстаубаев таныстырды. Олар өз жұмыстарын әртүрлі аталымдар бойынша ұсынды және мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды. Нұрлан Қыстаубаев сонымен қатар «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ халқының рухани ұстазы» халықаралық ғылыми конференциясында баяндама жасағаны үшін А.Байтұрсынов атындағы Тіл білім институтының төс белгісімен марапатталды. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы көркемсөз оқу байқауында Нұрлан Олжабайұлы бас жүлдені жеңіп алды.
Әлемді жайлаған пандемия кітапхана жүйесінің жұмысына қалай әсер етті?
– Өзін-өзі оқшаулау кезінде адамдар көбірек оқи бастады, кітаппен байланысу қажеттілігі артты. Кітапхана қызметкерлері әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істей бастады. Оқырмандар үшін контактісіз жеткізу және кітап алмасу қалай ұйымдастырылғаны естеріңізде болар.
Facebook, Instagram және YouTube-тегі танымал интернет-сайттарда кітапхана қызметкерлері электронды кітаптарға шолулар, виртуалды экскурсиялар, қызықты тесттер мен викториналар, балалар мен жасөспірімдерге арналған онлайн кітап оқуды жүргізеді. Бейнероликтер шығарыла бастады, онда аймақтың танымал адамдары өздерінің сүйікті кітаптары мен авторлары туралы әңгімелейді.
Бірақ бұл кітапханалар онлайн режимге өтеді дегенді білдірмейді. Енді кітапханашылар оқырманмен кездесуге, әңгімелесуге, қажетті кітапты табуға көмектесуге, кеңес беруге дайын. 2022 жылы біздің жүйеде 32 100 оқырман тіркелді, берілген кітаптардың саны жарты миллионнан асты.
Қолға алып астын сызып газет, кітап оқудың берері көп-ау. Кей тұсында ойға бөгіп, кей тұсын қайыра оқып, оңаша, әсем бір күй кешудің әсеріне не жетсін? Ерекше ықпалы бар мәдениет қой. Кітап оқымаған соң талғамның төмендейтіні жанға батады. Өткір тілді, орамды ойлы, жеті қат жер астындағыны білетін біртуар сыншылардың мақалаларын жиі оқыса оқырман да, қаламгер де өсер еді. Айтпағымыз, өресі биік көркем шығармалар көбірек тиражбен басылып, өңірлерге кең таралса, білікті ғалымдар, жазушылар, сыншылар белсендірек болып, өткір ой-пікірлерін шалғайдағы оқырманына да жеткізіп отырса, оқырман талғамын қалыптастыруға көбірек көңіл бөлсе, әдебиет кеңінен насихатталып, қолдау көрсетіліп отырса. Өйткені талғам тәрбиеленбесе түсінбестік көбейіп, тірелер тығырықтың көбейе түсері сөзсіз.
Қазіргі жастар әлеуметтік желілерді артық көреді, кітаптарға онша қызығушылық танытпайды деген пікір бар…
– Бұл пікір шындыққа жанаспайды деп айта аламын. Кітап оқу сәнге айналып келеді. Қазіргі уақытта кітаптардың аудио, электронды нұсқасын да оқуға болады. Жастар заманауи авторлар мен классиктерді біледі, қазіргі әдебиеттегі жаңалықтарды бақылап отырады. Нобель сыйлығын алған кітаптар, сондай-ақ шетелде резонанс тудырған жаңалықтар өте танымал. Мемлекеттік тілдегі кітаптар да сұранысқа ие.
Балалар жылы да жастардың кітап оқу мәдениетінің жоғарылауына әсер етті, балалар әдебиетіне назар аударылды. Мемлекет жас жазушылар мен ақындардың шығармаларын жарыққа шығаруға қолдау көрсетеді. Алайда, осы уақытқа дейін балалар әдебиетінің көпшілігі, әсіресе мемлекеттік тілдегілер – танымал кітаптардың немесе классикалық шығармалардың аудармалары. Әрине, оларды оқу да маңызды. Бірақ бізге жаңа авторлар қажет, олардың кітаптарында қазақстандық балалар мен жасөспірімдер өз заманына тән проблемалардың шешімін табуы тиіс. Сонда ғана біз оқу мәдениетін дамыта аламыз. Кітапты ашқан мұқият оқырман әлем және ондағы орны, басқалармен қарым-қатынасы және өзін-өзі тануға қатысты мыңдаған сұрақтарға жауап алады.
Заман талабына сай кітапхана қызметі де түрленіп келеді. Әрқайсысында интернетке қосылған компьютерлер, ыңғайлы коворкинг орталықтары бар. Даму сөзсіз жалғасады. Өңірде заманауи кітапхананың қандай проблемалары бар?
–Бізде кітапханашы мамандарын даярлау жеткіліксіз. Облыс бойынша мәдениет колледжінде сырттай бөлімнің бір ғана тобы жұмыс істейді. Салада жастар аз. Әсіресе ауылдық елді мекендердегі кітапханаларға ағарту жұмыстарын жүргізетін, кең ой-өрісті, ынталы жас мамандар келуі керек. Бұл мәселе туралы қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің құрылуының 45 жылдығына арналған «Кітапхана мамандығы: кеше, бүгін, болашақ» атты практикалық конференцияда айтылды.
Қазір 12 қалалық кітапханада барлығы 67 қызметкер жұмыс істейді, оның 44-і шығармашылық құрамға жатады. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен Әсел Смағұлова, Самал Махсотова, Жанар Айтқожина марапатталды. Бұл кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі үшін ғана емес, әрі қарай дамуға ынталандыру. Бірақ кітапхана жүйесі қызметкерлерінің қызметі өте маңызды. Рухани құндылықтар - қоғамның негізі және оны сақтау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Кітапхана «кітап қоймасынан» мәдениет ошағына айналуы тиіс.