Рудный қаласында адам өлтіру дерегі бойынша екі жасөспірімге іздеу жарияланды. 2008 және 2009 жылғы күдіктілерге қатысты бағдарлау Қазақстан аумағы бойынша барлық полиция бөлімшелеріне таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер 19 жастағы танысын өлтірді деген күдікке ілінген.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Күдікті тұлғалар анықталды. Қазақстан бойынша полицияның жеке құрамы бағдарланып, оларды ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп мәлімдеді ведомствода.
