Кіші Талдыкөлге қоқиқаздар қонақтады

13 Қыркүйек 2021, 23:17
1233
Бөлісу:
Кіші Талдыкөлге қоқиқаздар қонақтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табиғаттың ерекше жаратылысы елордаға екі күн бұрын ұшып келген. Елорда ну орманымен, тұмса табиғатымен ерекшеленбесе де, мұнда сирек кездесетін құстар қонақтайтын жер баршылық. Соның бірі – Кіші Талдыкөл. 

Бұл маңды бұған дейін аққулар мекен еткен еді. Енді 10-нан аса қоқиқаз қонаққа келіпті. 

Бұл – өте сирек кездесетін құбылыс. Әрине қоқиқаз кез келген көлге қонбайды. Терең болмауы керек, қатты тұзды болмауы да маңызды. Олар өте ұзаққа ұшатын құс. Қазір уақытша қонған деген болжамым бар. Мұндай кереметті кез келген жерден көрмейсіз. Сондықтан Талдыкөлді барынша сақтауымыз керек, – дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкері Руслан Оразалиев. 

Қоқиқаз – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек тәрізді ірі құс. Оның қызғылт түсі ерекше көрінеді. Ал Талдыкөлде қонақтаған ақ балапан қоқиқаздар. Бір жылдан кейін олар да қызғылт реңкке өзгереді екен.

Өзгелердің жаңалығы