Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда «Sostaldykol» бастамашыл тобының өкілдері Кіші Талдыкөлді қорғау қажеттігін айтып, Президенттен көмек сұрады.
Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде Президентке үндеу жолдаймыз. Біз Кіші Талдыкөл табиғи көлін сақтауды қолдаймыз. Бірыңғай экожүйе мен сирек кездесетін құстар сіздің қорғауыңызға мұқтаж. Біз Кіші Талдыкөлдің құрылысына қарсымыз. Бұл жерде табиғи саябақтың болғанын қалаймыз. Кіші Талдыкөл көлдерінің тобын су қорына қайтаруды талап етеміз. Кіші Талдыкөлді бірге сақтайық! – деді экобелсенділер өз үндеулерінде.
Sos.taldykol-дің инстаграмдағы парақшасында кеше ғана топырақ шашып жүрген көлікті белсенділер бірнеше сағатқа болса да тоқтата алғандары жазылған.