Кірістер комитетінің үздік бөлімшелері марапатталады

11 Тамыз 2023, 20:06
1064
Бөлісу:
Кірістер комитетінің үздік бөлімшелері марапатталады
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік құрылымдық бөлімшелер» марапатталады, деп хабарлайды BAQ.KZ комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 14 тамызда Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнін мерекелеу күніне орай аумақтық мемлекеттік кірістер органдары арасында республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанатты іс-шарасы өтеді.

Үздік аумақтық департаменттер мен басқармалар 2022 жылдың қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені және мемлекеттік бюджетке салықтардың түсуін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіруді сапалы жүргізгені үшін түрлі номинациялар бойынша статуэткалар мен дипломдармен марапатталатын болады.

Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталады:

1) акциздерді әкімшілендіру;

2) қосылған құн салығын әкімшілендіру;

3) ЕАЭО аясында ҚҚС әкімшілендіру;

4) камералдық мониторинг;

5) заңды сүйемелдеу;

6) кедендік әкімшілендіру;

7) кеден бекеті/КРО;

8) үздік байланыс орталығы және түсіндіру жұмысы;

9) жеке шоттардың есебі;

10) тарифтік реттеу;

11) ақпараттық технологиялар;

12) кадрлық қамтамасыз ету;

13) салықтық аудит;

14) берешекпен жұмыс жасау;

15) өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру;

16) үздік қызмет көрсету орталығы.

Өзгелердің жаңалығы