Кірістер комитеті енгізген жаңа құжат көлеңкелі тауар айналымына тосқауыл қояды

2 Сәуір 2021, 15:05
1514
Бөлісу:
Кірістер комитеті енгізген жаңа құжат көлеңкелі тауар айналымына тосқауыл қояды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тауарға ілеспе жүкқұжат енгізу көлеңкелі тауар айналымының жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтып берді.

Оның айтуынша, тауарға ілеспе жүкқұжат енгізу жалған транзит фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады. 

2019 жылы қосымша құн салығынан төлеуден жалтару мақсатында жалған жүк алушыларға тауарлар импортын ресімдеу автокөлік құралдарының жалпы санының 16%-ын құрады немесе әрбір 6 автокөлік бойынша қосымша құн салығы төленбеді, - деді ол.

Осы ретте спикер мысал келтірді. Оның айтуынша, өткен жылы 4 қыркүйекте тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде аймақтық өткізу пунктінің РФ-дан Қырғыз Республикасына транзитпен кесіп өту кезінде бұрын жалған транзиттің үш фактісін жасаған тасымалдаушы анықталды. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасында тауарды нақты алушы анықталды және 774 мың теңге сомасында қосымша құн салығын төлеу қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, қосымша құн салығын төлеуден жалтару схемаларының бірі - жалған алушыларға тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу. Мәселен, 2020 жылы жалған алушылардың атына тауарларды әкелудің 664 фактісі анықталды, олар бойынша залал 332 млн теңгені құрады.

Мысалы, 2020 жылы «Банана хит» ЖШС жалпы құны 483 млн теңгеге 235 АКҚ-ға тауарлар импорттады. Кәсіпорын басшысы тауарлар импортына қатысы жоқтығы туралы түсініктеме берді. Шығын 58 млн теңгені құрады, - деп толықтырды Жайдар Іңкәрбаев.

Өзгелердің жаңалығы