Кірісін төмендетіп көрсеткен 32 кәсіпорыннан 220 млн теңге өндірілді

19 Желтоқсан 2019, 00:52
2460
Бөлісу:
Кірісін төмендетіп көрсеткен 32 кәсіпорыннан 220 млн теңге өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әуе көлік прокуратурасымен жүргізілген мониторинг барысында өздерінің кірісін төмендеткен 32 көлік кәсіпорны  (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) анықталды.

Ведомстводан хабарлағандай, жоғарыда аталған ұйымдар салық заңнамасын бұза отырып, қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыстың төмендетілген сомаларымен салық есептілігін өткізген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы мен міндеті болып табылады.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қадағалау ведомствосына енгізілген акті негізінде кәсіпкерлердің атына бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберді.

Қазіргі уақытта салық төлеушілер жалпы сомасы 264,7 млн теңгеге қосымша салық есептілігін ұсынған, оның ішінде мемлекет пайдасына 220 млн теңгеден астам қаржы өндірілді, - делінген хабарламада.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Өзгелердің жаңалығы