Кирилл Герасименко ойнайтын «WERDER» клубы кезекті турда жеңіліп қалды

6 Ақпан 2021, 18:26
1160
Бөлісу:
Кирилл Герасименко ойнайтын «WERDER» клубы кезекті турда жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Германия бундеслигасының 18-ші кездесуінде қазақстандық Кирилл Герасименко ойнайтын «Werder» клубы жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz.

Жергілікті «Post SV» командасына қарсы ойнаған «Werder» 2:3 есебімен қарсыласқа жол берді.  Қазақстандық спортшы өз қарсыласын жеңгенімен, командаластарының барлығы жеңісті жолды жалғастыра алған жоқ.  

Даниэль Хабесон («Post SV») - Кирилл Герасименко («Werder») 2:3; 

Овидиу Ионеску («Post SV») - Маттиас Фальк («Werder») 3:2;

 Штеффен Менгель («Post SV») - Хунор Сеч («Werder») 3:0; 

Даниэль Хабесон («Post SV») - Маттиас Фальк («Werder») 0:3; 

Овидиу Ионеску/ Любомир Янчаржик («Post SV») - Марсело Агирре/ Хунор Сеч («Werder») 3:1. 

Турнир кестесінде «Werder» 9-ы орында келе жатыр.

Өзгелердің жаңалығы