Киноның тілін емес, ақша табудың ебін білетіндер көбейді - киносыншы

18 Қаңтар 2024, 16:46
5159
Бөлісу:
Киноның тілін емес, ақша табудың ебін білетіндер көбейді - киносыншы

Қазір қазақ киноиндустриясында біршама өзгерістер бар. Фильм түсіруді қолға алған жастар жетерлік. Алайда түсірліп жатқан, ел-жұртқа ұсынылған қазақ кинолары жөнінде айтылып жатқан сыни-пікірлерде де аз емес. Қазақ фильмдері қалай дамып жатыр, шолу жасап көрген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі қазақ фильмдерінің атауы

Соңғы түсірілген қазақ фильмдерінің де атауы өзгерген. Ағылшын сөздерін қосып трендтен қалмауға тырысады. Бұрын «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Амангелді» деген атаулар қойылса, қазір «Бизнес по-казахский», «Каникулы off-line», «Жаным ты не поверишь», «Той boy» т.б сынды атауларды қоюға құмартты. Статисткаға көз жүгіртсек 2023 жылы 70-тен астам кинотуынды жарыққа шыққан. Режиссерлар комедия жанрына ерекше мән берген. Себебі түсірілген фильмдердің 60-тан астамы осы жанрда ұсынылған. Отбасы, ошақ қасынан әлі де деңгейі көтерілмеген бұл фильмдердің де көрермені жоқ емес. Талғамға талас жоқ. Көрермені көп жанрға фильм түсіру режиссерлар үшін де тиімді.

Киносыншы Дана Әмірбекованың айтуынша, бұл жанрдағы сапасыз фильмдер қоғамның сана- сезіміне кері әсер ететін айтады.

Бүгінгі таңда қазақ экранында жанрлық түрлену байқалмайды. Өкінішке қарай, экранымызды мәні жоқ, мағынасы мардымсыз комедиялар алдыңғы планға шықты. Кеше ғана тамада болып той атқарып жүргендер режиссер атанды, бір ампуладан шыға алмайтын ортаңқол әртістер «жұлдызға» айналды. Кино атты ұлы өнерді буффонада деңгейіне түсірген сайқымазақтар өздерін суреткер сезініп, өнер адамдарының қатарына қосудан қымсынбайтын болды. Күнделікті күйбең тірліктің соңында жүрген біздің қоғам үшін терең ойға бөлейтін, философиялық пайымдарға толы туындыларға қарағанда, миға ауыр салмақ салмайтын біркүндік дүниелер өтімдірек. Оның үстіне еліміз дағдарысқа ұшыраған 90-шы жылдардан бері Голливуд пен Болливудтың «В» және «С» санатына жататын төмен деңгейлі фильмдерін теледидар арқылы көріп дағдыланған көрермен үшін бұның бәрі қалыпты жағдайға айналған. Иә, арасында тәуірлері жоқ емес. Дегенмен бүгінгі таңда қазақ экранын жаулап алған дүниелердің басым көпшілігі қоғамның сана-сезіміне кері әсерін тигізіп, деградацияға ұшыратып жатқандығы сөзсіз,-дейді киносыншы Дана Әмірбекова.

Фильм түсіріп жүрген режиссерлар мен сценарист қауымға киноның сапасы мен мән-мағынасынан гөрі оның алып келетін пайдасы маңызды болған.

Киноның тіліне қарағанда ақшаның тілін жақсырақ меңгерген продюсерлер үшін көрерменнің ой өрісінің өскені емес, бизнестерінің өркендегені маңыздырақ болып тұр,-дейді Дана Әмірбекова.

 

Кинотеатрлардағы билет бағасы

Өңірлердің барлығында кинотеатр бар деп айта алмаймыз. Облыс орталықтары мен маңызы бар қалалардың өзінде 1-2 ғана кинотеатр желісі бар. Бағалары да әртүрлі. Әлем елдерінде ең арзан билет Иран, Шри-Ланкада болса, ең қымбат билет Швейцария, Дания елдерінде тіркелген. Ал елімізде билет бағасы Алматы қаласында 1500 тг мен 18 000 тг арасында болса, студенттер үшін 1300 тг мен 2200 тг аралығы. Астана қаласында 1900 тг мен 20 000 тг аралығын қамтиды. Ал студент жастар үшін 1500 тг көлемінде тіркелген. Алайда орта есеппен алғанда ең қымбат билет Түркістан қаласында (2700 тг), ең арзаны Қарағанды қаласында 1400 тг болған

Көп пайда тапқан фильмдер

Отандық киноиндустрия 2021-2023 жылдар аралығында біршама табысқа жетті. 2023 жылғы кассалық түсім бойынша Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски в Индии» фильмі 1 281 598 850 тг табыс тапқан. Екінші орында «Хотя бы в кино» фильмі 1 006 001 620 т г, «Маған назар аудар» фильмі 818 844 800 тг құраған.

Ұлттық киноны қолдау орталығы

Бұл орталықтың негізгі кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және отандық киноиндустрияны дамыту үшін жағдай жасау. Қор 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық құрылғалы 120 дан астам жобаға қаржылық қолдау көрсеткен. Жалпы соммасы 20 млрд теңгені құрайды. Шығарылған өнімдердің 30%-ы деректі фильм, 26%-ы қысқаметражды фильм, ал 10%-ы анимациялық фильм. Барлығы 57 толықметражды фильм түсірілсе, оның 20-сы ғана көпшілікке ұсынылған.

Кино саласы тек табыс алып келетін емес, ұлттық идеология құралы. Ұлтқа қажетті фильмдердің сапасы да, саны да алдағы уақытта артады деп сенеміз.

Өзгелердің жаңалығы