Кинофестивальде табиғатты қорғау инспекторларының құрметіне түсірілген фильм көрсетілді

15 Желтоқсан 2023, 15:51
479
Бөлісу:
Кинофестивальде табиғатты қорғау инспекторларының құрметіне түсірілген фильм көрсетілді
Фото: Максим Акбаров мұрағатынан

Алматыдағы «Бастау» кино фестивалінде браконьерлермен күреске түскен табиғатты қорғау инспекторларының оқиғасын баяндайтын «Дала» атты фильм таныстырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көркем фильм тұрғындардың қызығушылығын арттырып, ыстық ықыласына бөленді. 73 минуттық қысқа хронометражды фильмде өте мықты актерлік құрам мен режисерлік шеберлікке қанық боласыз. 

Бұл фильмді түсірерде ұзақ ойландым. Себебі өз өмірін қиып, ақбөкендерді қорғауға жан ұшырған азаматтардың ерік-жігері мен сезімін білдіре аламын ба деген ой туды. Дегенмен актерлік құрам мықты болып, менің көрерменге жеткізгім келген дүниені көрсеттім. Фильм 2019 жылы браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза тапқан инспекторлар Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновты еске алуға арналған. Ол кісілердің өзіндей бола алмасақ та, артында осындай із қалғанын қаладық. Бұл менің режиссерлік дебютім болғандықтан, толқу болды. Дегенмен жақсы алып шықтым деп ойлаймын. Фильмнің түсірілімі өте қызықты өтті. Қыста -47 градуста түсірдік, боран болды, далада бірнеше сағатқа актерларымыз адасып кетті. Жазда +50-де түсірілді, онға жуық көлік бұзылды. Небары 73 минуттың ішіне осының барлығын енгіздік, – дейді режиссер Максим Акбаров.

Кинофестивальде табиғатты қорғау инспекторларының құрметіне түсірілген фильм көрсетілді


Фильм әлемнің көптеген елдеріндегі кинофестивальдерде бақ сынаған. Қазіргі уақытта кино қоржынында 11 жүлде бар.

Фильм Ақмола және Қостанай облыстарында түсірілді. Бюджеті шамамен 180 миллион теңгені құрады. Фильм келесі жылы прокатқа шығады. Ал «Бастау» кинофестивалінің арқасында алғашқы премьерасы ұсынылды. Кинофестивальге іліккенін естігенде, қатты қуандым. Себебі бұған дейін Лондондағы «International MOTOR AWARDS» кинофестиваліне қатыстық. Фильм әлем елдерінің 20-дан астам кинофестивалінде бақ сынап, 11 жүлдеге ие болды. Басты рөлді орындаушы Сейдулла Молдаханов үш марапатқа ие болды, ал мен қазан айының басында XV Ташкент халықаралық кинофестивалінде «Үздік дебют» жүлдесін қанжығаға байладым, – дейді режиссер Максим Акбаров.

Өзгелердің жаңалығы