Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

25 Ақпан 2019, 18:01
9738
Бөлісу:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалуына қаулы етті.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                  Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы  25 ақпан

                №849

 


Өзгелердің жаңалығы