Үкімет басшысы Ұлттық биотехнология орталығына барды

7 Тамыз 2019, 13:13
2496
Бөлісу:
Үкімет басшысы Ұлттық биотехнология орталығына барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық биотехнология орталығына барды, онда қазақстандық ғылымның дамуымен, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен қолданбалы жобаларды әзірлеумен танысты, деп жазды primeminister.kz. 

ҚР Үкіметінің басшысы орталықтың медицина, ауыл шаруашылығы, экологиялық биотехнология, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы перспективалық әзірлемелері, сондай-ақ, оларды еліміздің экономикасына одан әрі енгізу мүмкіндіктері ұсынылған зертханалық блокты тексерді. 

Үкімет басшысы Ұлттық биотехнология орталығына барды

Елордалық биотехнология орталығында түрлі бағыттағы 14 зертхана орналасқан, онда генетикалық инженерия, иммунология, бағаналық жасушалар, адам ұлпаларын қалпына келтіру, экологиялық биотехнология, фармакология саласында зерттеулер жүргізіледі. 

Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Е. Раманқұлов орталық мамандары бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлегенін айтты. 

Үкімет басшысы Ұлттық биотехнология орталығына барды

Нысанды аралау барысында бағаналық жасуша зертханасының меңгерушісі В. Огай, ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісі Е. Жолдыбаева, өсімдіктердің генетикалық инженериясы зертханасының меңгерушісі Ш. Манабаева, адам генетикасы зертханасының меңгерушісі М. Жабағин адам геномикасы, генетикасы және оның патогендері, үй жануарларының генетикасы, сондай-ақ, ғылымның жаңа саласы —  геномдық редакциялау саласында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды. Олардың арасында — дененің күйген жерлерін емдейтін жасушалық препараттар, бидай мен картоптың жаңа сұрыптары, ауруларға қарсы вакциналар, дәрі-дәрмектер, дәрілік және емдеу-профилактикалық препараттар бар.

Үкімет басшысы Ұлттық биотехнология орталығына барды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин орталықты қарау қорытындысы бойынша қолданбалы жобаларды әзірлеуді жалғастыруды және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру шараларын күшейтуді тапсырды. Білікті мамандарды даярлауға ерекше назар аудару қажет.

Өзгелердің жаңалығы