Кім жағдайды түсінбейді, сол әкім мен министр қызметінен босатылады – Тоқаев

23 Наурыз 2020, 14:44
6511
Бөлісу:
Кім жағдайды түсінбейді, сол әкім мен министр қызметінен босатылады – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде қызметіне салғырт қараған министр мен әкімдер қызметтерінен босатылады. Бұл туралы Ақордада төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

Бүкіл мемлекеттік аппарат тез қалпына келтіріліп, бұрынғы жайбарақат жұмыс шеңберінен шығуы тиіс. Осындай қиын жағдайда басқару түбегейлі өзгертілуі керек. Жауапкершілікті сезініп, батыл, тиімді шешімдер қабылдау қажет. Мен өз тарапымнан мемлекеттік басқару жүйесіне дағдарыстың салдарымен күресу үшін жедел шешімдер қабылдау құқығын беретін бірқатар дағдарысқа қарсы жарлықтарға қол қойдым, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 Оның айтуынша, осылайша мемлекеттік органдар кез-келген туындаған мәселелерді шешуге барлық мүмкіндікке ие. 

Яғни, бюджет процесінде, бағаны реттеуде, мемлекеттік сатып алуларда, жеңілдіктер беруде және т.б шараларды қабылдау кезінде батыл шешім қабылдауларына құқықтары бар. Менің үкіметтің әр мүшесіне, әкімдерге айтарым - басқаша тәртіпте жұмыс істейтін уақыт келді.Қазіргі қиын сәтті түсінбейтіндер және "ештеңе бүлдіріп алмайын" деп жеке бастарының қамдарын ойлап, ескі әдіспен әрекет етуге тырысатындар қызметтерінен босатылады, - деді президент. 

Оның айтуынша, мемлекет бұл қиындықты жеңе алмайды. 

Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді, оның ішінде мемлекеттік комиссияның қызметі мен жұмысын жариялауды қамтамасыз ету маңызды. Премьер-министрге осы жағдайды бақылауға алуды тапсырамын, - деп түйіндеді мемлекет басшысы.


Өзгелердің жаңалығы