Тұрғымбаев: Кім-кімге де «ұстаз» деген ұлы сөз аса қадірлі

3 Қазан 2020, 22:09
1616
Бөлісу:
Тұрғымбаев: Кім-кімге де «ұстаз» деген ұлы сөз аса қадірлі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Еліміздің барлық ұстаздарын кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күнімен құттықтаймын! Сіздердің шәкірт тәрбиелеудегі еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Мұғалім жас жеткіншектің жеке тұлға болып қалыптасуына, қарым-қабілеті мен талантын дамытуға көмектеседі. Жеткіншектердің мектептегі ортасы олардың болашақ мінез-құлқын қалыптастырса, жоғары оқу орнындағы алған білімі белгілі бір мамандыққа баулып, қоғамға тұлға ретінде танытады. Сондықтан кім-кімге де "ұстаз" деген ұлы сөз аса қадірлі. Ішкі істер министрлігі атынан қазақстандық мұғалімдерге алғыс білдіріп, қолдау көрсетуге дайынбыз. Ұстаздық жолды таңдаған барлық жанға зор денсаулық және еңбекте табыс тілеймін - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы