Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның президентіне хат жолдады

6 Наурыз 2020, 01:32
1523
Бөлісу:
Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның президентіне хат жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КХДР басшысы Ким Чен Ын коронавирусқа байланысты Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Инуға хат жолдады, – деп хабарлайды РИА Новости

Ким Чен Ын Кореяның вирусты жеңетініне сенім білдірді.

Мен Оңтүстік Корея вирусты жеңеді деп сенемін, – деп келтірді президенттің сөзін оның өкілі Юн До Хан. 
Оның айтуынша, Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің денсаулығына алаңдайтынын жеткізеді.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 766 адамға жетіп, 35 адам қайтыс болған.
Өзгелердің жаңалығы