Киіктің етін жеуге бола ма? – министрлік түсіндірді

15 Сәуір 2025, 16:03
4811
Бөлісу:
Киіктің етін жеуге бола ма? – министрлік түсіндірді
Фото: ЖИ

Қазақстанда киік етін тағам ретінде тұтынуға рұқсат етілген, алайда арнайы шектеулер бар. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтты.

Ведомствоның айтуынша, 2023 жылдың күзі мен қысында, сондай-ақ 2024 жылдың қаңтар–ақпан айларында киіктердің санын реттеу мақсатында алынған биомасса өңделіп, Қостанай облысында ет консервілері дайындалған. Бұл процесс арнайы ұлттық стандарттар негізінде жүзеге асырылған.

Бұл жұмыстар Техникалық реттеу және метрология комитетімен бекітілген ҚР СТ “Тұтас және жартылай тұтас күйдегі киік еті. Жалпы техникалық шарттар” және ҚР СТ “Ет консервілері. Бұқтырылған киік еті. Техникалық шарттар” стандарттарына сәйкес орындалды, – делінген министрлік жауабында.

Министрліктің мәліметінше, киік еті ветеринарлық және санитарлық талаптарға сай өңделіп, тек арнайы кәсіпорындарда тағамдық өнімге айналдырылады.

Реттеу шеңберінде алынған киік еті санитарлық бақылаудан өтіп, заңға сай түрде тұтынуға ұсынылады, – дейді министрлік.

Еске салайық, бүгін үкімет отырысында Экология министрі Ерлан Нысанбаев киікті реттеуге қатысты шешім келесі апта қабылданатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы