Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Киіктердің төлдеу кезеңі басталды

15 Мамыр 2025, 13:24
551
Бөлісу:
 жасанды интеллект
Фото: жасанды интеллект

Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Киік — Қазақстан даласының ежелгі тұрғындарының бірі. Бүгін әлемдегі киіктердің 98%-дан астамы Қазақстанда мекендейді.

Мамыр айының басында Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларының мекендеу аумақтарында киіктердің төлдеу кезеңі басталды. Осы кезеңде "Охотзоопром" РМҚК инспекторлары төлдеу жаппай жүріп жатқан жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Киіктердің төлдеу кезеңі мамыр айының соңына дейін жалғасады деп болжанады.

Өзгелердің жаңалығы