"Киік санын қасқырлар неге азайта алмайды?" - министрлік жауап берді

15 Желтоқсан 2023, 18:11
13848
Бөлісу:
"Киік санын қасқырлар неге азайта алмайды?" - министрлік жауап берді
Фото: Экология министрлігі

"Қоғамда киіктердің табиғи жауларын атып тастағандықтан олардың саны көбейіп жатыр" деген түсінік бар. Экология министрлігі Орман шаруашылығы дүниесі комитеті жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылғы санақ бойынша республикада 11 мың қасқыр бар деген ақпарат бар. Алайда кейбір өңірлерге санақ әлі жүргізілмеген. Екіншіден, қасқырлар реттеліп отыратын жануарлардың түріне жатады. Яғни осы 11 мыңнан сәл асса, атуға рұқсат беріледі. Бұл жыл сайын болатын процес, - деді Орман шаруашылығы дүниесі комитетінің ресми өкілі Мұстафин Сұлтан.

Министрлік өкілінің сөзінше, қазіргі киіктердің көп мекендейтін Батыс Қазақстан өңіріне бірнеше рет қасқырлар жіберілген. Алайда көп ұзамай киіктің табиғи жаулары өздері көп мекендейтін Шығыс Қазақстан мен Алматы облысытарына кетіп қалған. Яғни тәжірибе жүзінде киіктерді азайту тәсілі сәтсіз болған.

Өзгелердің жаңалығы