Киік популяциясы. Өзгеріс пен шешім

13 Ақпан 2024, 17:28
449
Бөлісу:
Киік популяциясы. Өзгеріс пен шешім
Фото: gov.kz

Елімізде киік популяциясының мән-жайы туралы брифингте сөз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Киік популяциясын сақтау және қалпына келтіру мақсатында мемлекет киіктерді қорғау және оны есепке алу бойынша біршама шара қабылдады. Бұл киіктердің санын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы толығырақ орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңына келген ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Данияр Тұрғамбаев айтты.

Киіктің саны 2023 жылғы 21 мың дарадан 1 млн 915 мың дараға дейін жетті. Болжамдық мәліметтерге сәйкес 2023 жылдың аяғында киіктердің жалпы саны төлдерін есепке алғанда 2,6 млн бас болды. Соның ішінде Орал популяциясының саны – 1,5 млн-нан асады, - деді ол.

Істелген жұмыс пен жауапкершіліктің арқасында елдегі киік популяциясының саны өздігінен өсетін ресурстар киікті кәсіпшілдік мақсатында пайдалану деңгейіне дейін келтірілгенін айтады.

Киік популяциясы. Өзгеріс пен шешім

Бүгінгі таңда киік Қазақстанда тұяқты жануардың ең кең тараған түрі болып табылады. Ал барлық тұяқты жануардың жалпы саны – 200 мыңнан асады. Мысалы тұяқты жануарлардың киіктен кейінгі екінші түрі елік саны -95,5 мың бас. Бұл ретте киік ресурстарын кәсіпшілік игеру тетіктерін анықтау үшін шектеулі реттеуді «Охотзоопром ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын мамандарымен эксперименттік түрде жүргізу ұсынылды, - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ министрлік ғылыми қоғамдастық пен сарапшылардың ұсынысын ескере отырып, киіктердің санын реттеу бойынша жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдағанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы