Киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өтті

10 Сәуір 2021, 16:17
1793
Бөлісу:
Киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлады Polisia.kz. 

9 сәуірде киік мүйізінің ірі партиясын сату кезінде қылмыстық топ ұсталды. Арнайы операция Қарағанды облысы ПД-мен бірлесе жүргізілді. 

Олар 55, 52 және 44 жастағы екі елорда және бір Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты. Нұр-Сұлтанда тұратын олардың екеуі елордадан киік мүйіздерін сату нарығын іздеп, кейіннен Қарағанды облысының аумағында сатпақшы болған. Ұстау кезінде 293 дана мүйіз тәркіленді (ірі партия). 

Мемлекетке алдын ала келтірілген шығын көлемі шамамен 500 миллион теңгені құрайды. Күдіктілердің тұратын жері мен олардың байланыстарының алты мекен-жайы бойынша бір уақытта тінту жүргізіліп, айғақ заттар мен дәлелдемелер алынды. 

Сонымен қатар, есірткі заттары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы