Киік мәселесі: ақылы аңшылық арқылы реттелуі мүмкін - Экология министрі

23 Тамыз 2022, 12:23
1789
Бөлісу:
Киік мәселесі: ақылы аңшылық арқылы реттелуі мүмкін - Экология министрі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктерді ату мәселесіне қатысты соңғы шешім бір айда шығарылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брекешев неліктен киіктерді басқа жерге көшіру әдісі тиімсіз екенін түсіндірді.

Мәсселе бойынша нақты шешім қабылданған жоқ. Біраз ұсыныста киіктерді атпай-ақ басқа жерлерге көшіру ұсынылған. Алайда бұл әдісті ғылыми қауымдастық тиімсіз де санады. Өйткені оларды жаппай көшіргенде өлу қаупі жоғары болады. Сол себепті бұл әдіс қабылданбады, - деп түсіндірді Ведомства басшысы.

Сондай-ақ Серікқали Брекешев киіктер Қызыл кітапқа енбеген жануар екенін, оларды атуға рұқсат беру мәселесі де қаралып жатқанын жеткізді.

Қазір осы жұмысты  жалғастырып жатырмыз. Әзірше бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Себебі ғалымдар және экобелсенділермен мәселені пысықтап жатыр. Менің ойымша, бір айдың ішінде нақты шешімді қабылдаймыз, яғни қазанға дейін тиісті шешімді шығарамыз, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Өзгелердің жаңалығы