Киік аулауды кәсіп еткен қызылордалық ұсталды

19 Наурыз 2023, 02:20
836
Бөлісу:
Киік аулауды кәсіп еткен қызылордалық ұсталды
Фото: egemen.kz

Алты киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын көліктен табылып, тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы ПД КПБ жойылып кету қауіпі төніп тұрған киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Алты киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын көліктен табылып, тәркіленді. ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, – Қызылорда облысы ПД КПБ-ның аға жедел уәкілі Даулет Жалмағамбетов.

Күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы