Киевтегі қазақстандық журналиске жасалған қастандық: Президент істі бақылап отыр - Уәли

21 Маусым 2024, 12:59
623
Бөлісу:
Киевтегі қазақстандық журналиске жасалған қастандық: Президент істі бақылап отыр - Уәли
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Тоқаев Киевте қазақстандық журналиске жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы