Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

8 Желтоқсан 2020, 12:21
5994
Бөлісу:
Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында киелі жерлердің көп екені белгілі. Түркістан облысына жасаған баспасөз туры барысында олардың басым бөлігін көріп, тарихына үңіліп, ой түю бұйырды. Аңыз-әфсаналар мен наным-сенімнің отанына айналған киелі топыраққа аяқ бастық.

Үкаша ата кесенесіне барар жолда Ерқоян сахаба қабіріне тоқтадық. Ол Серт ауылынан 8 шақырымдай жерде орналасқан. Қабір Үкаша ата аңғары бойындағы төбе етегінде жатыр. 

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Осы орынды жергілікті халық «Ерқоян ата әулие» деп атайды екен. Ерқоян Үкаша атаның ең сенімді серігі болған деседі. Бұрын зиярат етушілер Ерқоянға түнемей, Үкашаға келмейді екен. 

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Үкаша ата тірі кезінде оған келушілер Ерқоянға жолығып, алдынан өткен соң барып Үкашаға жолығады екен. Біз де сол жолмен алдымен Ерқоянның басына тоқтап, құран оқытқан соң Үкаша ата мазарына аттандық. 

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Үкаша ата мазары – VI-VII ғасырларда өмір сүрген, Мұхаммед пайғамбардың замандасы болған ислам діні өкілінің кесенесі.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Аңыз-әфсана бойынша Үкаша ата сахаба Мұхаммед пайғамбардың сенімді серігі әрі күзетшісі болған. Жергілікті тұрғындар «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жауырынының астындағы мөрді сүйгеннен кейін Үкаша сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген» дейтін ертегіге бергісіз әңгімені ғасырдан-ғасырға жалғап, айтып келеді. Үкаша ата өте алып, нарға отырғанда аяғы жерге тиіп тұратын денелі кісі болған деседі.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Аңызға сүйенсек, таң намазында басы сәждеге енді барғанда дұшпанның қылышының соққысынан жерге салбырап түскен сахабаның басы ешкімге ұстатпай, құдыққа түсіп кетеді.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Ал құдық болса, жерасты жолдары арқылы сонау Меккедегі зәмзәм бұлағымен жалғасады дейді айтушылар. Себебі құрбан болған сахабаның басы сол балбұлақтан табылып, пайғамбардың қабірінің аяқ жағына жерленген екен.

Тау басындағы құдықтың пайда болуына қатысты сұрақтың жауабы да тарихи шығармалардан алынған.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп, құран оқиды. Одан кейін барып тау басындағы құдықтан су алады.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрынғы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралған. Біз де осы жолмен Үкаша ата мазарынан кейін құдығына бет алдық.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Құдықтың тереңдігі - 30 метр. Келген адамдар шелекпен құдықтан су тартады. Құдық тік емес, спираль тәрізді. Сол үшін де құдықтан су барлығына бірдей шыға бермейді. Құдықтан су алу үшін шелек салғанда су шығатын болса, ол адамның жолы болғыш, ниеті түзу адам деп есептеледі. Осы құдықтың басына барша мұсылман жамағаты Алладан тілек тілеп, күнәларынан арылуға зияратқа ағылып келіп жатады. Алайда Үкаша мазарындағы шырақшы қудықтан су шыққандар дандайсып, шықпағандар түңілуіне болмайтынын айтты. Себебі барлық игілік тек Жаратқаннан екенін жеткізді.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Біздің топ мүшелері де біреуі қалмай құдықтан су тартты. Аталғандай, басында тартқан төрт адамға су тола шелек шықса, одан кейінгі адамдарға бос шелек немесе жарты шелектей су шығып жатты. Құдық спираль тәрізді болғандықтан, шелек майысып қалады. Жылына майысқан шелек саны 600-ге жуықтайды екен. Құдық басындағы шырақшы арнайы адамдар құдыққа жылына бір рет түсіп, ішін тазартатынын айтты.

 Тағы бір киелі деп саналатын орынның бірі – Шәммит-Ишан мешіті. 

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Қазір ол мешіт - мұражайға айналған нысан. Қарнақ ауылында орналасқан мешітті 1896 жылы ауыл тұрғындарының білімін арттыру мақсатында жергілікті шеберлер салған. Негізін қалаушы – Шәммит-Ишан. Ол өте көреген, зиялы адам болған. 

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Мешіт медресесі негізінде музей 2005 жылы ашылған. Музейге төрт жылдан кейін жөндеу жұмыстары жасалған. Мешіт құрылысынан сол замандағы стиль сақталғанын көруге болады. 

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Ауласында ағаштар мен раушан гүлдері отырғызылған. 

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Мұражайдың ішінде Қарнақ ауылының тарихы мен құнды жәдігерлер бар.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Қарнақ ауылында өсіп тұрған 1300 жылдық тарихы бар Тұт ағашы таңдай қақтырды. Ағаштың діңгегі бар, ортасы кеуіп кеткен. Бірақ көктемде ол бүршік жарып, гүлдейді екен. 

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Алып ағашты орап алу үшін 14 адам керек. Оны өзіміз тексеріп, көз жеткіздік.

Киелі Түркістан: Аймақтағы киелі жерлердің иелері

Баспасөз туры аясында барған Отырар өркениеті туралы мына жерден оқи аласыздар.

Түркістан облысының киелі жерлеріне аяқ басып, ішкі туризмді насихаттауға мүмкіндік берген «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ мен Fly Arystan әуекомпаниясына алғыс айтамыз.


Өзгелердің жаңалығы