Кибержаттығудың сайлауға қатысы жоқ – Руслан Әбдіқалықов

7 Желтоқсан 2020, 11:48
1598
Бөлісу:
Кибержаттығудың сайлауға қатысы жоқ – Руслан Әбдіқалықов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде аталмыш жаттығу алда келе жатқан ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына еш қатысы жоғын айтты. 

Сертификат азаматтың интернетке қол жеткізу мүмкіндігі болуы үшін қажет. Техникалық жағынан мұны басқаша жасау мүмкін емес. Өткен жылы біз сертификатты қолдануға қатысты алғашқы жаттығулар өткіздік, белгілі бір қорытынды жасадық. Осы жылы үлкен кибер жаттығулар аясында біз бір тәулік ішінде сынап көрдік. Естеріңізде болса, өткен жылы бұл тест Нұр-Сұлтан қаласында екі аптаға созылды, - деді ол.
Ол сонымен қатар, аталмыш жаттығу алда келе жатқан ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына еш қатысы жоғын, тіпті жаттығуды жоспарлаған кезде сайлаудың өтетіні туралы білмегенін айтты. 
Пандемия кез келген салаға өз түзетуін енгізді. Бұл оқу-жаттығулар жыл соңына дейін созылды. Жыл соңына қарай Қазақстанда сайлау 10 қаңтарда өткізілетіні белгілі болды. Біз жаттығуды жоспарлаған кезде, сайлау күні туралы білмедік. Бұл жаттығулардың сайлауға ешқандай қатысы жоқ, - деді Руслан Әбдіқалықов.

Бұған дейін ол қауіпсіздік сертификаты жөнінде баяндап берген болатын. Сонымен қатар, кибержаттығулардың неліктен демалыс күнері басталғанын да айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы