Киберспорт: Елордада республикалық хакатон жарысы өтті

31 Қазан 2021, 16:59
3723
Бөлісу:
Киберспорт: Елордада республикалық хакатон жарысы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 25 жылдығына арналған CS GO киберспорты бойынша «Нұр-Сұлтан-Қазақстанның цифрлық трансформация орталығы» атты республикалық хакатон жарысы өтті.

Хакатон - жоғары оқу орындары докторанттарының, магистранттары мен студенттерінің бірегей білім беру, жобалау және коммуникациялық форумы. Оның мақсаты - елорданың шаруашылығын басқарудың жаңа цифрлық сервистерін енгізу және цифрлық экожүйені дамыту бойынша идеялар мен жобаларды генерациялауға және іске асыруға қабілетті талантты және белсенді жастар қауымдастығын анықтау және қалыптастыру.

Киберспорт: Елордада республикалық хакатон жарысы өтті

Іс-шара аясында нақты бизнес міндеттерді шешу үшін командалық және жеке қатысушылар арасында жарыстар өткізілді.

Жеке қатысушылар арасындағы жарыстар келесі секциялар бойынша өткізілді:

  • Желілік қауіпсіздік – «IT-alem» үстел үсті желілік тренажерін пайдалану арқылы;
  • Киберспорт – командалық жарысы;
  • Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны – арнайы онлайн-платформада өткізілді.

Осы секциялар ішіндегі Киберспорт командалық жарысын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Ақпараттық технологиялар факультетінің «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасы өткізді.

«Хакатон 2021 Cyber Cup» - елордалық студенттер мен оқушылар арасында «Нұр-Сұлтан-Қазақстанның цифрлық трансформация орталығы» атты аймақтық Хакатон аясында CS GO киберспорт бойынша ашық турнирі.

Киберспорт: Елордада республикалық хакатон жарысы өтті

Киберспорт әлемде өте қарқынды даму үстінде. Оның дәлелі ретінде, 2022 жылғы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына киберспорт тұңғыш рет тарихта ресми түрде медальдік есепке енгізілді. Осы ретте жарыстың негізгі мақсаты елорда аумағында киберспортты насихаттау және оны дамытуды көздеп отыр.

Жарысқа бас қаланың жоғарғы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушылары арасында жалпы саны 20 команда қатысуға өтінім берді. Соның ішінен жарыстың шартына сәйкес 16 команда іріктеп алынды.

Жарыстың бастапқы іріктеу ойындары онлайн форматта өтсе, ал финалдық ойын мен үшінші орын үшін тартысты бәсекелер офлайн форматта ЕҰУ-дің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің корпусында өткізілді.

Тартысты және бәсекелестікке толы ойындардың қорытындысы бойынша ЕҰУ-дің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің студенттерінен және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студентінен құралған «REDROSE» командасы 1-орын алды. 2-орынды «HEROSHYM» және 3-орынды «MEN’S FLEX» командалары өзара бөлісті. Жарыстың үздік ойыншысы - Алишер Сабитов атанса, ал қыздар арасында - Томирис Сейдильда үздік болып танылды.

Жарыстың жеңімпаздары (1-3 орын) және үздік ойыншылар ақшалай және бағалы сыйлықтармен, сертификаттармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы