2022 жылы Қазақстанда әрбір оныншы компания кибероқиғадан 2,5 млн теңгеге шығындалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандағы әрбір оныншы компания 2022 жылы кибероқиға салдарынан 2,5 млн теңгеге дейін, ал әрбір жиырмасыншы компания 8 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған. Бұл «Касперский зертханасы» жүргізген сауалнама деректері.
Киберқауіптердің салдарынан қаржылық шығынға компаниялардың кем дегенде үштен екісі (65%) ұшырапты. Залалды бағалау кезінде тоқтап қалу, кірістердің жоғалуы, сондай-ақ мамандардың қосымша қызметтеріне жұмсалатын шығындар ескерілді. Көп жағдайда ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары жабдықтың істен шығуына әкеп соққан (36%). 17% жағдайда жеке деректер жоғалған, 14% — құжаттар мен файлдар, 6% — клиентпен немесе мердігермен келісімшарт бұзылған, 5% — компания акцияларының бағасы төмендеген, - делінген хабарламада.
Салдарынан шамамен әрбір үшінші ұйым (30%) ақпараттық қауіпсіздік шығындарын ұлғайтуға мәжбүр болды, әрбір төртінші кәсіпорында (23%) ішкі саясат өзгертілді.
Айта кетейік, сауалнама 2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы қаңтар айларында жүргізді. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін 100-ден астам АТ-маман қатысты.