Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында төрт заң жобасы қаралып жатыр. Оның ішінде компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау және Қатармен қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Күн тәртібіне сәйкес, депутаттар мынадай заң жобаларын қарайды:
- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы (бірінші оқылым);
- «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы (бірінші оқылым);
- «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы (бірінші оқылым);
- «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістерді ратификациялау туралы» заң жобасы (екінші оқылым).
Құрылтайдың жалпы отырысы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.