Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында аритмолог Алексей Цыгановтың қатысуымен шеберлік сабағы өтті.
Біздің клиникада бар жабдық үздік стандарттарға сай, біз жүрек ырғағының бұзылыстары бар науқастарға кез келген күрделі операцияны жасай аламыз. 2010 жылдан бастап клиникада жүрек ырғағының түрлі бұзылыстарының радиожиілікті аблациясы, оның ішінде жүрекше фибрилляциясы, криоаблация және т.б. оперативтік араласуларын сәтті жасалып келеді, - дейді ҒЗИ Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор Роза Қуанышбекова.
Аритмология, білім мен клиникалық практиканың саласы ретінде жылдам жаңарып отырады, сонымен қатар ол кардиологияның ең күрделі бөлімдерінің бірі. Жақсы маман болу үшін үнемі оқу қажет. Сондықтан, жетекші медициналық орталықтармен ынтымақтастық шеңберінде біз үнемі шеберлік кластар, семинарлар өткізіп тұрамыз. Мұндағы мақсатымыз мамандарымыздың әріптестерімен араласуға, біліктілігін арттыруына, жаңа білім алуына, жаңа жабдықтарда жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, - деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.
Шеберлік класты өткізудің мақсаты - интервенциялық аритмологияның заманауи технологияларын қолдануда мамандардың дағдыларын арттыру, оның ішінде жүрек ырғағының қақпақшалық бұзылыстары бар пациенттерде жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеулер мен катетерлі аблацияны қолдану, жасанды қақпақшаға алмастыруда біліктілігін арттыру.
Жас мамандардың қатысуымен өткен шеберлік класс барысында жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары бар түрлі жастағы пациенттерге операция жасалды. Оларды жүрек жұмысындағы үзілістер, ентігу, әлсіздік, бас айналу, тез шаршау секілді белгілер мазалаған.
ҒЗИ орнатылған CARTO 3 V7 Prime жүрекішілік навигациясының бірегей үш өлшемді жүйесінің болуы ең күрделі, оның ішінде жүрек ырғағының бұзылуымен және ілеспе патологиялармен байланысты күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді. 3D-технологиялар 1 миллиметрге дейін аритмияның көзін табуға және оны жоюға мүмкіндік береді.
Бұл технологияның ерекшілігі пациенттердің жүрек құрылымы туралы барлық деректерді беретін 3D карталарын жасау. Ол ырғақ бұзылулары диагностикасының дәлдігін арттыру мен катетерді оқшаулау есебінен емдеу тиімділігін арттыруға, қайталанатын операциялардың қажеттілігін азайтуға, инфаркт, жүрек жеткіліксіздігі, инсульт сияқты және т. б. кенеттен болатын өлім мен асқынулардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
Операциялар сәтті өтті. Клиникада соңғы жылдары 3000 астам осындай операция жасалғанды.