Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кореялық компания серіктестері мен сатушыларын ауыстыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды kolesa.kz.
Өткен жылы біздің елде 6 мың Kia сатылды, ал Hyundai-дің 18 мың данасы иесін тапқан. Ресей нарығында керісінше, Hyundai-дің жағдайы мәз емес.
Биыл компания топтамадағы машина санын тоғызға дейін (Picanto, Rio, Rio X, Cerato, K5, Seltos, Soul, Sportage, Sorento) көбейтіп, 8 мың автокөлік сатуды жоспарлап отыр. 2022 жылы Stinger, K900 және Carnival аталатын үш модель жарық көреді.
Жаңа дистрибьютор Kia көліктеріне кепілдік беру және қызмет көрсетуді 2021 жылы 1 наурызда бастайды.