Ақтөбе хром зауытындағы кісі өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

1 Маусым 2020, 22:53
2698
Бөлісу:
Ақтөбе хром зауытындағы кісі өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі хром қосындылары зауытында болған төтенше жағдайға қатысты үш күдікті ұсталды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. 

Олар учаске шебері және бөлім, цех басшылары. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

Еске салайық, өткен аптада кәсіпорында сыйымдылығы 50 текше метр болатын құбырды тазарту барысында төрт жұмысшы опат болып, екеуі ауруханаға түскен еді.

Өзгелердің жаңалығы