Хорватияда оппозиционер президент сайлауында жеңіске жетті

6 Қаңтар 2020, 12:55
1810
Бөлісу:
Хорватияда оппозиционер президент сайлауында жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватиядағы президент сайлауында оппозициялық кандидат, социал-демократ Зоран Миланович жеңіске жетті. Ол Хорватияның жаңа президенті болып сайланды. 

Бұл туралы tass.ru сайтында хабарланды.

Бұрынғы премьер-министр Зоран Миланович Батыс Еуропа елдері және АҚШ-пен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Миланович берілген дауыстардың 54%-ын алды, ал оның қарсыласы - республиканың қазіргі президенті Колинда Грабар-Китарович 46% дауыс жинаған, - делінген хабарламада.

Колинда Грабар-Китарович саясаттағы сәнді киінетін әйел ретінде әлемге танымал еді. Бірнеше жыл бұрын Колинданың демалыс кезінде бикинимен түскен суреті әлемдік БАҚ-тарда тараған.

Өзгелердің жаңалығы