Хорватияда мұғалімдер ереуілге шықты

7 Қыркүйек 2019, 05:47
1962
Бөлісу:
Хорватияда мұғалімдер ереуілге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватияның Загреб қаласында мұғалімдер ереуілге шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Парламент ғимаратының алдында жиналған 1500 ұстаз үкіметтен жалақының көтеруін талап етті.

Кәсіподақ мүшелерінің айтуынша, жиналғандар еңбекақыларын 6%-ін көтеруін сұрайды. Ереуілден кейін белсенділер елдің премьер-министрі Андрей Пленковичпен де кездесті. Ал, келесі кездесу осы айдың ортасына жоспарланып отыр.

Айта кетейік, қазір Хорватияда мұғалімдердің жалақысы орта есеппен 6400 кун.



Өзгелердің жаңалығы