Ханойда Қазақстан-Вьетнам арасындағы ынтымақтастық талқыланды

3 Наурыз 2020, 09:47
2043
Бөлісу:
Ханойда Қазақстан-Вьетнам арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Ерлан Байжанов Ханой қаласының Халық комитетінің төрағасы Нгуен Дык Чунгпен кездесті. 

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты Қазақстан-Вьетнам қатынастарын, ең алдымен өңіраралық бағытта дамытудың жекелеген мәселелерін талқылады.     

Ерлан Байжанов Нгуен Дык Чунгты Қазақстан мен Вьетнам арасындағы саяси қатынастардың, өзара сауданың, инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі туралы хабардар етіп, Қазақстан астанасының қалыптасу тарихымен, Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуетімен таныстырды. Вьетнам тарапына жан-жақты зерттеу үшін Нұр-Сұлтан қаласының қазіргі дамуы туралы материалдар пакеті тапсырылды, - делінген СІМ хабарламасында.

Қазақстан елшісі, 2012 жылы екі елдің астаналары арасында қол қойылған Бауырластық туралы меморандум оң мазмұнмен толыға алатынын атап өтіп, екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру туралы ұсынысын білдірді.   

Саяси тұрғыдан біздің елдеріміз арасында өзара түсіністік пен сенім бар, соңғы жылдары олар үдемелі дамумен сипатталады. Біздің басшы партияларымыз арасындағы ынтымақтастық нығаюда, біздің елдер парламенттері арасында да өзара іс-қимылдың жақсы серпіні байқалады. Осының барлығы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық және өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру үшін жақсы жағдай жасайды, - деді елші. 

Өз кезегінде, Ханой қаласының мэрі 2012 жылғы Бауырластық туралы келісімнің тиісті түрде даму таппағанынымен келісіп, Нұр-Сұлтан мен Ханой арасындағы байланысты нығайтуға ұмтылысты толық қолдады.

Екі елдің астаналары тек ірі саяси және индустриялық орталықтар ғана емес, мәдениет, білім және халықаралық ынтымақтастық орталықтары болып табылады. Олардың үлкен туристік әлеуеті де жеткілікті. Біз Ханой мен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын ашуға белсенді ықпал ететін боламыз, - деп атап өтті Н. Д. Чунг.

Тараптар әр түрлі деңгейдегі делегациялармен тұрақты алмасуды, қала шаруашылығын жоспарлау және басқару, әсіресе ақылды қалалар құру, білім, мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қоса алғанда, Нұр-Сұлтан мен Ханой қалалары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру жолдарын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы