Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық көмек тиімді басқарылуы керек, деді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура KazAID ұлттық агенттігін құру мәселесі талқыланған баспасөз конференциясында.
Қаржы жай бөлінбейді. Қаражат болған соң көмек көрсету керек. Сондықтан өзгелермен тиімді бөлісу кәсібилікті қажет етеді. Ол Қазақстаннан немесе осы елдің серіктесі болуы керек. Қызметке байланысты нақты түсінік болғаны жақсы. Қазақстаннан ерікті болса, тіптен жақсы, - деді ол.Шимомура атап өткендей, серіктес елдің білімін сыйлап, оның қажеттілігіне құлақ асу керек.
Олардың қажеттілігін көрсетіп, не істеу керегін айтудың қажеті жоқ. Халықаралық ынтымақтастық пен көмек тиімді басқарылуы керек, - деді ол.Өз кезегінде сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев агенттік үшжақты серіктестік арқылы жүзеге асырылатын айтты.
Қазақстан атқарушы қызметті атқарады. Бірақ қаржыландыру үшінші тараптан келеді. Алғашқы кезеңде біз өзіміздің жобаларымызды жүзеге асырмаймыз, - деді Ашықбаев.