ҚХА Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

29 Қараша 2020, 11:28
2028
Бөлісу:
ҚХА Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. 

Еліміздің тарихында бұл күн ерекше тағдыршешті маңызға ие. Мерейлі дата Тұңғыш Президет-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрып, дамытудағы көрнекті мемлекеттік қайраткерлігі мен тарихи миссиясын паш етеді.Елбасының саяси даналығы мен шешімталдығының, стратегиялық көрегендігі мен батыл ерік-жігерінің арқасында экономикалық және әлеуметтік реформалар табысты жасалды, саяси жүйенің кезең-кезеңімен демократиялануы сәтті жүзеге асырылып, біртұтас Қазақстан халқының ұлттық коды бекемделді, - делінген құттықтауда. 

ҚХА Мемлекет басшысы мультимәдени синергия есебінен Қазақстанның полиэтникалық ахуалын біздің еліміздің басты қуаты мен байлығына, табыс пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттеріне айналдыра білгенін атап өткен. 

Оның саяси сарабдал шешімімен дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы ширек ғасыр ішінде халқымызды топтастырудың, азаматтық қоғам жүйесін дамытудың тиімді институты бола білді, жалпы құндылықтар негізінде ел-жұртты біріктіретін жалпыхалықтық конституциялық органға айналды.Қазақстанның Тұңғыш Президентін бүгінде әлем жұртшылығы дүниежүзіндегі ең жарқын және беделді көшбасшылырдың бірі деп санайды.Оның көпвекторлы саясаты, интеграция мен бейбітшілікті қолдау бастамалары, ядролық қарусыздануға қосқан орасан үлесі арқасында Қазақстан шекарасы халықаралық деңгейде бекемделіп, ел егемендігі мен тәуелсіздігі бірауыздан мойындалды, - дейді олар.

ҚХА құттықтауында Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күні – бұл бірінші кезекте бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздік, ертеңгі күнге сенім үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа деген бүкілхалықтық сенім мен алғаусыз адамгершілік алғыс екені айтылған.

Елбасымыз қазақ халқының нағыз отансүйер ұлы ретінде Отанға шексіз қызмет етудің, жауапкершілік пен патриотизмнің, азаматтық парыздың нағыз үлгісін көрсетті. Тұңғыш Президент жолы – бұл әр азаматтың, Қазақстанның болашаққа нұрлы жолы.Әр отбасына амандық, бақыт пен тұрақтылық тілейміз!Шаңырақтарыңызда шаттық шалқысын, бірліктеріңіз бекем болсын, - деп құттықтады Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Өзгелердің жаңалығы